Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы

"Балбөбек" бөбекжайында "Қамқоршылық кеңес" отырысы өткізілді. Кеңес мүшелері тағайындалып, "Қамқоршылық кеңесінің" жоспары талқыланып, бекітілді.

"Қамқоршылық кеңес" мүшелерімен кездесу өткізілді. "Қамқоршылық кеңесінің" нормативтік құжаттарымен таныстырылып, мүшелерінің атқаратын қызметтері белгіленді.

Бекітемін

«Балбөбек» бөбекжайы

КМҚК меңгерушінің м.а

____________Ахметова Б.Д

2024 ж. «28» тамыз

 

ҚК отырысында қабылданды

2024 ж. «28» 08 №1 хаттама

 

«Балбөбек» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік

қазыналық кәсіпорнының

Қамқоршылық кеңесі туралы Ереже 

бөлім Жалпы ереже

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Қамқоршылар кеңесі) мектепке дейінгі ұйымның дамуына ықпал ету үшін құрылған алқалық басқару органы болып табылады.
Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің Үлгілік ережелерін» басшылыққа алады.
Қамқоршылық кеңес мектепке дейінгі ұйым әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және басқа жеке және / немесе заңды тұлғалармен өзара әрекеттеседі.
Қамқоршылық Кеңестің мүшелері өз өкілеттіктерін ақысыз орындайды.

2. бөлім

1. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамы

5. Қамқоршылық кеңесті құру туралы хабарландыруды және оның құрамы бойынша ұсыныстарды «Балбөбек» бөбекжайының веб - сайтына орналастыру.

6. Қамқоршылық Кеңесінің құрамы Қаражал қаласының Білім бөлімімен келісіледі және Қамқоршылық Кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде құрылады.

7. Қамқоршылық кеңес құрамына:

1) жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) ата - аналар комитеті ұсынған топтардың әр қатарынан осы мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеленушілердің бір ата - анасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

Қамқоршылық кеңесі құрылған мектепке дейінгі ұйымның басшысы немесе оның орынбасары оның отырыстарына қатысады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51 - бабы 1 - тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кірмейді.

8. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ және тоғыз адамнан кем болмайды, олар бір-бірімен және мектепке дейінгі ұйымның жетекшісімен туыстық қарым - қатынаста және мүліктік қатынаста болмауы тиіс. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі - бір жыл. Қамқоршылық кеңестің мүшелері мектепке дейінгі ұйымның штаттық құрамына кірмейді.

9. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.

10. Қамқоршылық Кеңестің басшысы көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы Қамқоршылық Кеңесінің отырысында сайланған (қайта сайланған) оның төрағасы болып табылады. Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық Кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін орындамайды.

11. Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Қамқоршылық Кеңесінің құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық Кеңесінің шешімімен Қамқоршылық Кеңесінің мүшелерінің бірі орындайды.

12. Төраға Қамқоршылық Кеңестің атынан әрекет етеді және осы Ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.

13. Қамқоршылық кеңестің жұмысын қамқоршылық кеңес сайлаған хатшы қамтамасыз етеді.

 3. Бөлім Қамқоршылық Кеңестің өкілеттіктері

14. Мектепке дейінгі ұйымның Қамқоршылық Кеңесі:

1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сондай - ақ мектепке дейінгі ұйым есебіне түскен қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) мектепке дейінгі ұйымның жарғысына өзгерістер және / немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) мектепке дейінгі ұйымдарды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар дайындайды;

4) Қазақстан азаматтарының отбасыларына жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

5) мектепке дейінгі ұйымға қайырымдылық көмек түрінде түскен қаражатты бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

6) мектепке дейінгі ұйымның бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;

7) мектепке дейінгі ұйымның жұмысында Қамқоршылық Кеңес анықтаған кемшіліктерді жою туралы тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізеді;

8) мектепке дейінгі ұйым басшысының мектепке дейінгі ұйымның қызметітуралы, оныңішіндебілім беру қызметтерініңсапасы, қайырымдылықкөмекті пайдалану туралы есептерін тыңдайды және жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан азаматтарының отбасыларында орналастыру бойынша шаралар қабылдайды; 9) мектепке дейінгіұйымдардыңқызметі туралы конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

10) мектепке дейінгі ұйымның қызметімен, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілеріне ұсынылған жағдайлармен танысады, мектепке дейінгі ұйым психологының қатысуымен олармен әңгіме жүргізеді;

Мектепке дейінгі ұйымның қызметкерлері (құрылымдық бөлімшелері) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат беруге көмектеседі.

 

Бөлім - 1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
15. Қамқоршылар кеңесінің отырысы оның төрағасыныңөз бастамасы бойынша, Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырылады.

16. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық Кеңестің төрағасы қол қояды және Қамқоршылық Кеңесінің және Қамқоршылық кеңес әрекет ететін мектепке дейінгі ұйымның мүшелеріне отырысқа дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен қоса жіберіледі.

Хабарламада отырыстың күні, уақыты және орны көрсетіледі.

Хабарламаға қоса баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, осы мәселелерді күн тәртібіне енгізудің себептері көрсетілген анықтамалық материалдар, отырыстың өткізілуі үшін Қамқоршылық кеңес мүшелеріне қажетті құжаттар қоса беріледі.

17. Қамқоршылық Кеңесінің отырысы туралы хабарлама алған Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі жиналыс өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған қатысатындығы немесе қатыспайтындығы туралы қамқоршылық кеңестің хатшысына хабарлайды.

18. Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы шақыру туралы ұсыныс түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық Кеңесінің отырысын шақырады.

19. Қамқоршылық Кеңестің отырыстары қажет болған жағдайда, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

20. Қамқоршылық Кеңестің отырысы, егер Қамқоршылық Кеңестің барлық мүшелері отырыстың уақыты мен орны туралы хабардар етілсе және отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы болып табылады. Қамқоршылар кеңесі мүшесі өз дауысын Қамқоршылық Кеңестің басқа мүшесіне беруіне немесе сенім білдірілген тұлғаға беруге жол берілмейді.

21. Мектепке дейінгі ұйымның Қамқоршылық кеңесінің әр мүшесі бір дауысқа ие.

22. Қамқоршылық Кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оның мүшелері қатысқан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы, ал ол болмаған кезде Қамқоршылық Кеңесі төрағасының қызметін атқарушысы дауыс берген шешім қабылданады.

23. Қамқоршылық Кеңесінің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан Қамқоршылық Кеңестің барлық мүшелері қол қояды.

24. Мектепке дейінгі ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде ақысыз негізде көрсетіледі және тек осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімімен жұмсалады.

25. Мектепке дейінгі ұйым қабылдаған қайырымдылық көмектен түскен барлық түсімдер келесі шоттарға аударылады:

1) бюджеттік атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шоты - мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған білім беру ұйымдары үшін;

2) екінші деңгейдегі банкте ашылған шот - басқа ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған білім беру ұйымдары үшін.

26. Қайырымдылық көмектен түскен қаражат келесі мақсаттарға жұмсалады:

1) мектепке дейінгі ұйымның оқушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау;

2) мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасын жақсарту;

3) спортты дамыту, дарынды балаларды қолдау;

4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан астам оқу процесін ұйымдастыруға арналған шығыстарды жүзеге асыру.

27. Қаржы жылының қорытындылары бойынша мектепке дейінгі ұйым жыл сайын осы білім беру ұйымының, тиісті саланың уәкілетті органының және білім саласындағы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында тиісті есеп орналастыру арқылы қайырымдылық қорларын пайдалану және қозғалысы туралы халықты ақпараттандырады.

 

Бөлім 1. Қамқоршылық кеңес жұмысының тоқтатылуы

28. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату қалай жүзеге асырылады:

1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;

2) мектепке дейінгі ұйым таратылған және қайта құрылған кезде.

29. Қамқоршылық Кеңестің мүшесі Қамқоршылық Кеңестің құрамынан шыға алады:

1) жеке бастамасы бойынша;

2) мектепке дейінгі ұйым орналасқан жерд етөрт ай болмауына байланысты.


Атауы Жүктеу
1 2024 - 2025 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңестің жылдық жұмыс жоспары

Атауы Жүктеу
1 Қамқоршылық кеңесінің құрамы

Атауы Жүктеу
1 Қамқоршылық кеңесінің мүшелері

Атауы Жүктеу
1 Қамқоршылық кеңес