Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы

«Өрт сөндіру» сюжеттік-рөлдік ойынының негізгі мақсаты-балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету, өрт сөндірушілердің еңбегімен таныстыру, сондай-ақ олардың әлеуметтік дағдыларын, сөз қорын дамыту және батылдыққа тәрбиелеу. Бұл ойын арқылы балалар төтенше жағдайларға дайындалып, қауіпсіздік шараларын сақтауға үйренеді.
Негізгі мақсаттары:
Қауіпсіздік ережелерін үйрету: Балаларға өрт кезінде қалай әрекет ету керектігін, қауіпті заттармен ойнамау керектігін және қауіпсіздік шараларын үйретеді.
Мамандықпен таныстыру: Өрт сөндірушілердің жұмысы, олардың құрал-жабдықтары туралы білімдерін кеңейтеді.
Басқаларға көмектесу, бірлесіп жұмыс істеу, жағымды қарым-қатынас орнату сияқты дағдыларды қалыптастырады.
Ойын барысында жаңа сөздерді қолдану арқылы сөздік қорын дамытады.
Батылдыққа, өжеттілікке тәрбиелейді.
Тәрбиеші: Алкуатова Г. А