«Балақай» тобы
Тақырыбы: “Ұлттық үстел үсті ойындар”
Мақсаты:
1. Танымдық қабілеттерін дамыту
Ұғымдарды салыстыру, есте сақтау, логикалық ойлау.
Сан, түс, пішін, кеңістік туралы түсініктерін қалыптастыру.
Заттарды ажырату, реттеу, жүйелеу дағдыларын жетілдіру.
2. Тілдік және сөйлеу дағдыларын дамыту
Қазақ тіліндегі сөздік қорын молайту.
Сөйлеу мәдениетін, өз ойын еркін жеткізу қабілетін қалыптастыру.
Ұлттық ұғымдармен, атаулармен таныстыру.
3. Ұлттық құндылықтарды сіңіру
Қазақ халқының дәстүрі, ойлау жүйесі және мәдениетімен таныстыру.
Ұлттық ойын арқылы патриоттық сезім, туған жерге сүйіспеншілік тәрбиелеу.
4. Әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларды дамыту
Қарым-қатынасқа түсу, кезек күту, командамен жұмыс істеу.
Достық, сыйластық, әділдік, ынтымақтастыққа үйрету.
5. Қимыл және ұсақ моторикасын дамыту
Саусақтардың икемділігі мен қолдың дәлдігін арттыру.
Зеректік, ептілік, шапшаңдық дағдыларын жетілдіру.