Тақырыбы: Ағаштарды, жәндіктерді бақылау және өсімдіктерге күтім жасау
Мақсаты: тәрбиеленушілерді табиғаттағы құбылыспен таныстыру.
ЕББҚ бар баланы далаға серуенге шығарып, ағаш, жапырақ, гүл туралы айтып, таныстырып,
“Мынау - ағаш, мынау - шөп, шөп - жасыл, мынау - жапырақ, мынау - гүл, мынау - сары гүл, мынау - қызыл гүл” деген сөйлемдер айтқызылды.
Осы жерде ата - аналарға
Кеңес
Балалардың жақсы сөйлеп кетуі үшін, күнделікті үйге қайтар жолда, ата - аналарға бала жан - жағына қараған кезде, табиғаттағы құбылыстарды айтып берген жақсы әдет, бала күнде бір сөзді естіп жүргенде, сол сөз есінде қалады, көріп қайталайды, сөз сөздік қорына енеді, балада активті сөздік қоры көбейеді.
Логопед - дефектолог
Жарқынбай Т.Б.